$ 494.87  520.65  4.91

Алматы облысында жер сілкінді

Жерасты дүмпуінің ошағы Қырғызстан мен Қытай шекарасында Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 258 км жерде орналасқан.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Алматыдан 258 шақырым қашықтықта 2 балдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Сейсмикалық станциялар желісі бүгін сағат 10:50-де жер сілкінісін тіркеді.

Жерасты дүмпуінің ошағы Қырғызстан мен Қытай шекарасында Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 258 км жерде орналасқан.

«Зілзала күші Алматы облысының Нарынқол және Кеген ауылдарында 2 балл көлемінде сезілді», – делінген станция хабарламасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары