$ 495.2  522.34  4.94

Кадр тапшылығы. Қазақстанның қай өңірінде дәрігерлер жетіспейді?

Қазір елімізде 306 анестезиолог-реаниматолог, 210 хирург, 112 офтальмолог, 83 оториноларинголог, 44 ангиохирург, 253 акушер-гинеколог және 87 неонатолог жетіспейді.

 

Фото: H:L
Фото: H:L

Денсаулық сақтау министрлігі медициналық жоғары оқу орындарының түлектерін жұмысқа орналастыру механизміне өзгертулер енгізетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ведомствоның мәліметінше, түлектердің шамамен үштен бірі жұмыспен қамтуды жеке ұйымдарды таңдайды. Сондықтан министрлік жастарды жұмысқа орналастыруды уәкілетті орган деңгейіне қайтаруды ұсынып отыр.

"Кадрларды орналастыруды реттеу және әлеуметтік қолдау шараларын көрсету үшін жергілікті жерлерде аймақтық комиссиялар құру мақсатқа сай. Екіншіден, белгілі бір категориядағы түлектер үшін жұмыс жасауды кейінге қалдыруды енгізу, алғашқы медициналық көмек деңгейінде кемінде үш жыл жұмыс тәжірибиесі бар медициналық қызметкерлер үшін резидентурада оқуын жалғастыруды енгізу, сондай-ақ ерте орналастыру процедурасын енгізу қажет", – деді министрлік.

Қазір елімізде 306 анестезиолог-реаниматолог, 210 хирург, 112 офтальмолог, 83 оториноларинголог, 44 ангиохирург, 253 акушер-гинеколог және 87 неонатолог жетіспейді.

Дәрігерлерге деген жоғары сұраныс мегаполистерде байқалады: Астанада (702 маман), Алматыда (497) және Шымкентте (234). Ал ауылдық елді мекендерде медициналық қызметкерлерге ең көп сұраныс Ақмола (116 дәрігер), Түркістан (135) және Батыс Қазақстан (89 дәрігер) облыстарында тіркелген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары