Израиль әскері анклавтағы полиомиелитке қарсы егу орталығын бомбалаған.
Израиль кейінгі екі тәулікте Газа секторының солтүстігінде Джабалия қаласына шабуыл жасап, салдарынан 50-ден астам бала қаза тапты. Бұл туралы ЮНИСЕФ ұйымы хабарлады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Израиль әскері анклавтағы полиомиелитке қарсы егу орталығын бомбалаған. Соның салдарынан тағы 4 бала ауыр жарақат алды,- дейді ұйым өкілдері.
Айта кетейік, былтыр қазаннан бері 43 мыңнан астам палестиналық қаза тауып, тағы 102 мың адам зардап шеккен. Ал Ливан денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сәйкес, Израиль шабуылынан елде 3 мыңға жуық адам қайтыс болды. 13 мыңнан астамы жарақат алған.
Ал, соңғы екі күнде Газадағы Нусейрат босқындар лагеріне жасалған Израильдің әуе шабуылынан кейін 42 палестиналық көз жұмып, 150 адам жарақат алған. Бұл туралы Палестина денсаулық сақтау ұйымдары хабарлады.