03.11.2024, 19:30

Қарағанды облысында жүк вагондары рельстен шығып кетті

Фото: ҚТЖ баспасөз қызметі

Локомотив жеке тасымалдаушыға тиесілі және оны жеке компанияның локомотив бригадасы басқарған.

Қарағанды облысындағы Шұбаркөл станциясының маңында жүк вагондары рельстен шығып кетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

«3 қараша күні сағат 03:45-те «Шұбаркөл Көмір» компаниясының Шұбаркөл станциясындағы жеке кірме жолында үш жүк вагоны рельстен шығып кетті», – делінген хабарламада.

Локомотив жеке тасымалдаушыға тиесілі және оны жеке компанияның локомотив бригадасы басқарған. «ҚТЖ» бұл оқиғаның басқа пойыздардың қозғалысына әсер етпегенін растады.