$ 494.87  520.65  4.91

Сәрсенбіде Қазақстанның басым аумағында жаңбыр жауады деп күтілуде

Қазақстан аумағының көп бөлігінде сәрсенбі күні тұрақсыз ауа райы сақталады, күн күркірейді, жауын жауып, кей жерлерде жел күшейіп, солтүстікте бұршақ жаууы мүмкін, деп хабарлайды «Қазгидромет»

Республиканың тек батысында, оңтүстік-шығыста және оңтүстікте жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейіп, бұршақ жаууы ықтимал», - делінген хабарламада.
Қарағанды, Шығыс Қазақстан, күндіз Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде жел екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Күндіз Алматы, Жамбыл, Атырау, Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында күн аптап ыстық болады деп болжануда.

Республиканың оңтүтігі, оңтүстік-шығысы, батысы, солтүстік-батысы мен орталығының кей аумақтарында жоғары өрт қаупі сақталады.
Елордамыз Астанада таңертең және күндіз 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғып, күн ала бұлтты болады, аздаған жаңбыр жауып, күн күркірейді, күндіз ауа температурасы +24+26° градусқа дейін ысиды, түнде – +16+18 C°.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары