$ 494.87  520.65  4.91

Елде кальянға толық тыйым салына ма? Денсаулық сақтау министрлігі жауап берді

Қазақстанда қоғамдық орындарда кальян шегуге заңмен тыйым салынған.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда кальяндарды сату мен шегуге толық тыйым салу мүмкіндігі туралы айтты деп, хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Редакцияның ресми сауалына берген жауапта Денсаулық сақтау министрлігі қоғамдық орындарда кальян сатуға тыйым салу мәселесі талқыланып жатқанын айтқан.

«Кальяндардың кеңінен пайдаланылуына байланысты реттеуді күшейту қажеттілігі туындады. Кальян табағы мен кальян қоспасын (сату мен тұтыну) реттеуді күшейту мәселесі, сондай-ақ оларды тұтынуды төмендету бойынша профилактикалық шаралар талқылануда», - делінген министрліктің жауап хатында.

Қазақстанда қоғамдық орындарда кальян шегуге заңмен тыйым салынған. Дегенмен, кальяндардың сатылуына тыйым жоқ, яғни кәсіпорындар кальяндарды сатуға құқылы, бірақ оларды тек жеке тұрғын үйлерде шегуге болады.

«Қолданыстағы заңнамаға сәйкес реттеушілік әсерге талдау (РӘТ) жүргізу қажет. Заңнамаға енгізілетін норма жобасы, мемлекеттік реттеуші органның анықтамасы, айыппұл мөлшерін өзгерту қажеттілігі қарастырылады. РӘТ аяқталғаннан кейін бизнес қауымдастық өкілдерінің қатысуымен қоғамдық тыңдаулар өтеді», - деді Денсаулық сақтау министрлігі.

Естеріңізге сала кетейік, көктемде Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда кальянға толық тыйым салу мәселесін талқылап жатқанын мәлімдеді. Министрлік өкілдерінің пікірінше, қазақстандықтар айыппұлдардың жеткіліксіз болуына байланысты кальян шегуге тыйым салатын заңды сақтамайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары