Жасаған қайырымдылықтарын айта бермейтін адам еді.
Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мақпал Жүнісова марқұм Болат Назарбаевтың жылдық асына қатысты. Өнер иесі бұл туралы желіде хабарлап, марқұм кәсіпкерге жазба арнады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Мақпал Жүнісова Instagram-дағы парақшасында Болат Назарбаевтың видеосын жариялап, ол туралы естеліктерін бөлісті. Әнші марқұм кәсіпкердің қайырымдылықтарын көп айта бермейтін қасиетін атап өтіп, оның адал дос бола білгенін жеткізді. Өнер иесі Болат Назарбаевтың жылдық асына қатысып қайтқанын айтты.
"Бүгін Болат Әбішұлының өмірден озғанына 1 жыл болды. Құран бағышталып, ас берілді. Жасаған қайырымдылықтарын айта бермейтін адам еді. Топырағы торқа болсын. Достыққа да адал болды. Мен де барып қайттым", - деп жазды эстрада жұлдызы.