$ 498.34  519.72  4.85

Таяу Шығыстағы қақтығыс: 41 қазақстандық Ливаннан оралды

Астана мен Алматы қалаларына 41 адам аман-есен жеткізілді.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Сыртқы істер министрлігі қазақстандықтар Ливаннан аман-есен елге жеткізілгенін мәлімдеді, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Таяу Шығыс өңіріндегі шиеленістің күшеуіне байланысты президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Қазақстанның тиісті мемлекеттік органдардың қатысуымен Ливаннан ҚР азаматтарын және олардың отбасы мүшелерін елге эвакуациялау шаралары жүзеге асырылды. Аталған операция Ыстамбұл және Дубай қалалары арқылы ұйымдастырылып, нәтижесінде 2024 жылғы 17-31 қазан аралығында Бейруттан Астана мен Алматы қалаларына 41 адам аман-есен жеткізілді.

Эвакуация әскери қақтығыс аймағында қалған Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында жүргізілді.

Еске салсақ, бұған дейін Израиль әскері Ливандағы бітімгершілік базасына басып кіріп, негізгі қақпаны танкпен қиратып, 15 сарбазды жаралады. Еліміздің Қорғаныс министрлігі қазақстандық бітімгерлердің жағдайына қатысты пікір білдірді. Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, қазір штабтың үш офицерінен құралған қазақстандық бітімгерлер әдеттегідей жұмысын жалғастырып жатыр. Ал шиеленіскен жағдай қазақстандық бітімгерлердің қызметтік орындарынан қашықтықта орналасқан екен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары