05.11.2024, 06:30

«Шіріген сорлылар»: Айгүл Орынбек жылаған блогерге қолдау білдірді (ВИДЕО)

Коллаж: Sn.kz

Өсек пен төсектен аса алмайтын сорлы надандар!

Заңгер Айгүл Орынбек Сәбина есімді блогерді қорғайтынын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Айгүл Орынбек блогерді белгісіз біреулер қаралап жатқанына ашынып, істі өзі қолға алатынын айтты.

«Оңбаған, надан қатыгез қоғам! Қыздарыңды жылатып оңбайсыңдар, ертең өзіне қол жұмсаса не істейсіңдер?!

Өсек пен төсектен аса алмайтын сорлы надандар!

Тоқтасаңдаршы болды ғой, пікір жазып отырғандардың бәрі еркек!

Еркек деген аттан садаға кеткірлер!

Сәбина бір аптадан бері ақталып, ол видеода да өзі емес екенін айтып жылап отыр.Адамның өзіне сенбейтін қандай қоғам болып бара жатырмыз?! Қайда біздің буллингпен күрескіш пагондағылар? Бізде мына заңсыздықтарға нүкте қоятын біреу бар ма?

Сәбина көтер басты, ел алдында жүрген соң аяқтан шалу болады! Сені қорлаған скриншоттарды жібер, біртіндеп тұрып арыз жазып, жазасын береміз! Бұл қоғамда санасы төмен, ұятсыз надандар көп өкінішке қарай! Өз қыздарын бағаламайтын, қыздардың жарқырап жүргенін көре алмайтын шіріген сорлылар!», - деп жазды заңгер желідегі парақшасында.