04.11.2024, 22:30

Президент Францияға мемлекеттік сапармен барды

Фото: Ақорда

Париж әуежайында Қазақстан Президентін Францияның Сыртқы істер министрі Жан-Ноэль Барро қарсы алды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Республикасына мемлекеттік сапармен барды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Париж әуежайында Қазақстан Президентін Францияның Сыртқы істер министрі Жан-Ноэль Барро қарсы алды.

Ертең Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Елисей сарайында Франция президенті Эммануэль Макронмен келіссөздер жүргізеді.