$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда шенеунік кәсіпкерді пара беруге итермелегені үшін сотталды

Яғни жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерткені үшін қалалық жер қатынастары басқармасының лауазымды адамына 9,6 млн теңге берсін деген.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Алматыда Медеу аудандық соты "Алматы Бас жоспары" ЖШС бас директорының орынбасары Өмірәліұлына шешім шығарды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ол алаяқтық жасап, жергілікті кәсіпкерді пара беруге итермелеген. Яғни жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерткені үшін қалалық жер қатынастары басқармасының лауазымды адамына 9,6 млн теңге берсін деген.

Сот үкімімен оған мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойы айыра отырып, 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары