05.11.2024, 16:00

Еліміздің бас сейсмологы халыққа үндеу жасады (ВИДЕО)

Фото: видеодан алынды

Бұл сейсмикалық жағдай еліміздің жоғары сейсмикалық аймағы үшін күнделікті болып тұратын табиғи құбылыс.

Ұлттық сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ғылыми орталығының директоры Дәулет Сәрсенбаев Алматыда және Алматы облысында болған жер сілкінісі бойынша халыққа видеоүндеу жолдады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Алматы қаласы және Алматы облысының тұрғындары 3-4 балды сезді. Бұл сейсмикалық жағдай еліміздің жоғары сейсмикалық аймағы үшін күнделікті болып тұратын табиғи құбылыс. Құрметті азаматтар, тек ресми ақпарат көздеріне сеніп, әлеуметтік желілер мен БАҚ-тағы арандатушылыққа бой алдырмауларыңызды сұраймыз», — деді Дәулет Сәрсенбаев.