06.11.2024, 08:30

«Қар, жаңбыр, көктайғақ»: Еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы төмендейді

Фото: pixabay

Көлік жүргізушілеріне дөңгелектерін қысқы шинаға ауыстыру ұсынылды.

Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райының нашарлауына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Астанада таңертең және күндіз көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі.

6 қарашада күндіз Алматы облысының оңтүстігінде қатты жаңбыр, облыстың таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман, көктайғақ күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с.

Алматыда 6 қарашада күндіз кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі.

6 қарашада түнде Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстік-шығысында, орталығында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с күтіледі. Ақтау қ.: 06 қарашада солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20, түнде кей уақыттарда 23 м/с күтіледі.

Түнде Батыс Қазақстан облысында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, күндіз облыстың шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20, облыстың батысында, орталығында кей уақыттарда 23 м/с. Оралда 6 қараша түнде көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с. Қостанайда 6 қарашада күндіз кей уақытта қатты қар, таңертең және күндіз көктайғақ, бұрқасың күтіледі. Шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с. 6 қарашада Қызылорда облысында жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күші 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, орталығында 23-28 м/с күтіледі.

Қызылордада 6 қарашада жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.

Павлодар облысының оңтүстігінде тұман күтіледі.

6 қарашада күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с.

Өскеменде 6 қарашада оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с күтіледі.