Жүзден асыңыз!
Мақпал Жүнісованың Өскемен қаласында өткен концертінде ерекше жағдай болды. Әншінің 97 жастағы тыңдарманы сахнаға шығып, оған ақ батасын берді, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Мақпал Жүнісова концерті кезіндегі ерекше сәтті Instagram-дағы парақшасында жариялап, көпшілікке көрсетті. Видеода кейуананың сахнаға шығып, әншіге ақ батасын беріп жатқаны анық көрінеді.
"Құдай ұзағынан деніңе саулық берсін. Осылай көпшіліктің ортасында бізді қуантып жүре бер", - деді әншінің егде жастағы тыңдарманы.
ҚР Халық әртісі бұл кезде қарап қалмады.
"Әмин, апажан. Жүзден асыңыз. Өскеменнің ән сүйер халқына көп рақмет, ғұмырлы болыңыздар", - деп жазды халықтың сүйікті әншісі.