Тазы күшіктеріне Жюль және Жанна деген есім берілген.
Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Президенті Эмманюэль Макронға екі қазақы тазының күшігін сыйлаған болатын, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Елисей сарайының бағында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмманюэль Макрон бейресми әңгіме өрбітті.
Мемлекеттер басшылары серуенге Жюль және Жанна атты тазыларды ертіп шықты. Бұл асыл тұқымды тазыларды былтыр Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Президентінің Қазақстанға жасаған сапары кезінде сыйға тартқан болатын.