Ер адам lll топ мүгедегі болғанына қарамастан қоқыс жинап, напақасын тауып жүр.
Қара маскадағы жұмбақ жігіт қайырымдылық жасап, тағы да жұртты тәнті етті. Ол бұл жолы жалғызбасты әкеге көмектесіп, елдің алғысына бөленді. Ер адам әйелінің еміне қанша қарыз алып, аман алып қалуға тырысқанымен қолынан келмегенін айтып, көзіне жас алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бүгінде кәмелет жасқа толмаған екі баласы тігін шеберханасында жұмыс істеп жүр. Ал өзі lll топ мүгедегі болғанына қарамастан қоқыс жинап, напақасын тауып жүр.
«Дәрігерлер әйелімнің екі төсін де алып тастады. Ота жасалды. Мен қарызға баттым. Әйелімді ажалдан арашалай алмадым. Оны қатты жақсы көргенімді енді түсініп жатырмын. Олсыз үйіміз қаңырап қалды», – дейді жалғызбасты әке.