$ 493.85  519.04  4.97

Заң бұзған 21 судья жауапқа тартылды

Қазіргі кезде Қазақстанда 300 судьяның орны бос.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Елімізде заңды өрескел бұзғаны үшін жауапқа тартылған судьялардың саны екі жарым есеге артқан, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«2024 жылдың тоғыз айында өрескел бұзушылықтар үшін 21 судья жауапқа тартылды. Өткен жылдың осы кезеңінде тек тоғыз судья ғана жауапқа тартылған еді. Бұл көрсеткіш екі жарым есеге артты. 1 қазаннан бастап жаңа механизмдер іске қосылды, жағдайды талдаймыз», - деді Жоғарғы сот судьясы Нұрия Сисенова Сенаттың пленарлық отырысында.

Оның айтуынша, қазіргі кезде Қазақстанда 300 судьяның орны бос.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары