$ 498.34  519.72  4.85

Қарағанды облысындағы жеке тұрғын үйден екі адамның денесі табылды

Күйік шалып, иіс тиген үй иесін төтенше жағдайлар қызметі мамандары құтқарды.

Фото: Қарағанды облысы ТЖД
Фото: Қарағанды облысы ТЖД

6 қарашада Қарағанды облысындағы Ғабиден Мұстафин ауылында жалпы аумағы 40 шаршы метр болатын тұрғын үйде өрт шығып, салдарынан 2 адам қаза тапты. Тағы бір адам ауруханаға жатқызылды, деп хабарлады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Облыстық ТЖД мәліметінше, өрт салдарынан 2 адам қаза тапты. Күйік шалып, иіс тиген үй иесін төтенше жағдайлар қызметі мамандары құтқарды. Зардап шеккен азамат ауылдық ауруханаға жатқызылған.

«Тілсіз жау ашық от көзінен шыққан (сөндірілмеген темекі, сіріңке)», - деп түсіндірді Қарағанды облысының төтенше жағдайлар департаменті өкілдері.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары