Күйік шалып, иіс тиген үй иесін төтенше жағдайлар қызметі мамандары құтқарды.
6 қарашада Қарағанды облысындағы Ғабиден Мұстафин ауылында жалпы аумағы 40 шаршы метр болатын тұрғын үйде өрт шығып, салдарынан 2 адам қаза тапты. Тағы бір адам ауруханаға жатқызылды, деп хабарлады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Облыстық ТЖД мәліметінше, өрт салдарынан 2 адам қаза тапты. Күйік шалып, иіс тиген үй иесін төтенше жағдайлар қызметі мамандары құтқарды. Зардап шеккен азамат ауылдық ауруханаға жатқызылған.
«Тілсіз жау ашық от көзінен шыққан (сөндірілмеген темекі, сіріңке)», - деп түсіндірді Қарағанды облысының төтенше жағдайлар департаменті өкілдері.