Астанада бірнеше күннен бері ауа райының қолайсыздығы сақталып тұр.
"Қазгидромет" РМК синоптиктері алдағы күндері еліміздің үш ірі қаласында қар жауады деп болжап отыр. Мәселен, Астанада 8-10 қараша аралығында қарлы боран соғады. Алматы мен Шымкентте де қар жауады, бірақ ауа температурасы 10 градусқа дейін көтеріледі, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Астана қаласының ауа райы болжамы
8 қараша: көшпелі бұлт шығады, түнде қар жауады, қар жауады, күндіз аздап қар жауады. Түнде желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 6-8, күндіз 4-6 градус аяз.
9 қараша: көшпелі бұлт шығады, кей уақытта қар жауады, боран соғады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел 9-14, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 6-8, күндіз 2-4 градус аяз.
10 қараша: көшпелі бұлт шығады, кей уақытта қар жауады, боран соғады. Желдің екпіні секундына 23 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 1-3 градус аяз, күндіз 0 градус шамасында.
Алматы қаласының ауа райы болжамы
8 қараша: көшпелі бұлтты, түнде өткінші жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, күндіз өткінші жаңбыр. Жеңіл жел болуы мүмкін. Ауа температурасы түнде 0-2 градус аяз, күндіз 5-7 градус жылы.
9 қараша: көшпелі бұлтты, түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар). Ауа температурасы түнде 0-2, күндіз 6-8 градус жылы.
10 қараша: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің екпіні секундына 3-8 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 0-2, күндіз 8-10 градус жылы.
Шымкент қаласының ауа райы болжамы
8 қараша: көшпелі бұлтты, өткінші жауын-шашын (жаңбыр, қар), түнде тұман. Таңертең және күндіз желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 1-3 градус аяз, күндіз 5-7 градус жылы.
9 қараша: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел секундына 13 метрге дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде 0-2, күндіз 8-10 градус жылы.
10 қараша: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 0-2, күндіз 8-10 градус жылы.
Айта кетейік, Астанада бірнеше күннен бері ауа райының қолайсыздығы сақталып тұр. Қарлы боран салдарынан елорда әуежайында бірнеше рейс кейінге қалдырылды.