$ 494.87  520.65  4.91

Ұлыбритания Қазақстанның бірнеше компаниясына санкция салды

Оның ішінде Қазақстан, Қытай және Түркия компаниялары, сондай-ақ Кремльмен байланысты жеке әскери топтар да бар.

Коллаж: kursiv.media/ Дастан Шанай
Коллаж: kursiv.media/ Дастан Шанай

Ұлыбритания Қазақстанның бірнеше компаниясына санкция салды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Ұлыбритания үкіметінің ресми сайты Украинадағы әскери әрекеттерге байланысты Ресейге қарсы санкциялар аясында 56 жеке және заңды тұлғаға қатысты шектеулер енгізілгенін хабарлады.

Бұл 2023 жылдың мамыр айынан бергі ең үлкен санкциялар пакеті, оның ішінде Қазақстан, Қытай және Түркия компаниялары, сондай-ақ Кремльмен байланысты жеке әскери топтар да бар.

Ұлыбритания Қазақстандағы мынадай компанияларға санкция салған:

- "TawKZ" ЖШС (өнеркәсіптік мойынтіректерді, құралдар мен жабдықтардың бөлшектерін шығарумен айналысады);

- "Рабадазия" ЖШС (көтерме сауда, компания шетелдік жеке тұлғаға тиесілі);

- "CPS Energy" (қалалық электр энергетикасы кәсіпорны);

- "Запчаст-Трейд" (автомобиль бөлшектерін көтерме саудамен айналысады);

- "Kazstanex" ЖШС (машина жасау саласында әртүрлі тауарлар мен қызметтерді өндірумен және жеткізумен айналысады);

- "Stanex Group" (өнеркәсіптік жабдықтарды, құрылыс материалдарын жеткізеді).

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары