Оның денесінен зорлық белгілері табылмаған.
1 қарашада Шаған өзенінің жағасындағы Жас натуралистер станциясы маңындағы судан 21 жастағы жігіттің денесі табылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Батыс Қазақстан полиция департаментінің мәлімдеуінше, мәйіт сараптамаға жіберілді. Оның денесінен зорлық белгілері табылмаған.
«Оның балық аулағаны анықталды. Полиция департаменті тұрғындарға қауіпсіздік шараларын сақтап, аса сақ болуды ескертеді», – деді БҚО ПД баспасөз қызметі өкілдері.