Майлыбек сонымен қатар қоғамдық жұмыстарға да атсалысады.
Желіде тек қазақша ән мен қазақ тілінде сөйлегендерді ұнататын Майлыбек есімді ит жұртшылықты сүйсіндірді. Иесінің айтуынша жануарға тек қазақ тілінде ғана нұсқау берсең ол орындайды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Майлыбек – өзіне нұсқауларды тек қазақша айтса түсінетін және әндерді тек ана тілінде жақсы көретін нағыз қазақ иті. Иесі жануарды қалай кездестіргенінің өзі бір үлкен оқиға екенін айтады.
Майлыбектің қазіргі иесі онымен басқа тілде де сөйлесіп нұсқау беруге тырысқан. Алайда оны бұрынғы иелері кішкентайынан қазақ тіліне үйретіп қойғандықтан осы тілге ерекше тыңдап түсінгендей әрекеттер жасайды.
Қазір Майлыбектің қазіргі иесі де қазақ тілін мәдениетпен және дәстүрмен байланыста ұстай отырып, үйреніп жүр.
Иесінің айтуынша Майлыбек сонымен қатар қоғамдық жұмыстарға да атсалысады. Ол “Таза қала” акциясына қатысып, бұтақтар жинауға көмектескен. Жануар еңбектің ауырлығын да түсінеді екен.