$ 495.2  522.34  4.94

Ақмола облысында ер адамды пойыз басып кетті

Oқиға 8 қараша күні сағат 8:45-те Макинка станциясында болған.

Фото: ТВ Центр
Фото: ТВ Центр

Ақмола облысында пойыз темір жол бойында ер адамды қағып кетті. Жас жігіттің құлаққап тағып тұрғаны атап өтілді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Пойыз жүргізушісі жолда адамның тұрғанына байланысты жедел тежеуді басқан. Ер адам локомотивтің зор дыбыстық дабылдарына жауап бермеді, қысқа қашықтыққа байланысты соққының алдын алу мүмкін болмады. Жас жігіт құлаққап пен капюшон киіп алған", - делінген хабарламада.

Осы факті бойынша тергеу жүргізілуде. ҚТЖ жолдардағы жарақаттанудың басты себебі - белгіленбеген жерлерде рельстерді кесіп өтетін азаматтардың абайсыздығы мен немқұрайлығы екенін еске салады. Темір жолдарымен жүруге, жолдардың жанында құлаққаппен, мас күйінде болуға, жылжымалы құрамның астына кіруге тыйым салынады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары