10.11.2024, 15:30

Қордай ауданында 17 жастағы қыздың денесі табылды

Фото: Астана әкімдігі

Болған оқиғаның егжей-тегжейлі мән-жайларын анықтау үшін полиция қызметкерлері барлық қажетті жедел-тергеу іс-шараларын жүргізеді.

Жамбыл облысы полиция департаменті бұл ақпаратты растады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

— Қордай ауданында қыздың денесін табу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Болған оқиғаның егжей-тегжейлі мән-жайларын анықтау үшін полиция қызметкерлері барлық қажетті жедел-тергеу іс-шараларын жүргізеді. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiнің 201-бабына сәйкес басқа мәліметтер жария етілмейді, — делінген полиция департаменті хабарламасында.

Еске салсақ, бұған дейін Алматы облысында қараусыз қалған ғимараттан нәрестенің денесі табылғаны хабарланды.