29 қазаннан бері реанимацияда болған екінші құрылысшының қайтыс болғаны белгілі болды.
Қарағандыда салынып жатқан көпқабатты үйде құлаған лифт салдарынан тағы бір адам көз жұмды - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.
29 қазаннан бері реанимацияда болған екінші құрылысшының қайтыс болғаны белгілі болды.
Осы себепті қылмыстық іс тергеліп жатқан баптың біліктілігі өзгертілді. Енді тергеу "абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу" бабы бойынша жүргізіледі.
Сонымен қатар мемлекеттік еңбек инспекциясы департаменті тергеу жүргізіп жатыр.