$ 495.2  522.34  4.94

«Сирек кездесетін жағдай»: Атақты режиссер қазақстандық фильмді жоғары бағалады

Оның патриархальды жүйесі туралы сынды білдіртпей, мақтамен бауыздағандай етіп жеткізетін өте нақты фильм.

Фото: Instagram/adilkhan_yerzhanov
Фото: Instagram/adilkhan_yerzhanov

Мексикалық кинорежиссер Альфонсо Куарон қазақстандық режиссер Әділхан Ержановтың 2024 жылғы Токиодағы халықаралық кинофестиваль байқауына ұсынған "Кадет" фильмі туралы өз ойын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ciakmagazine итальяндық басылымына берген сұқбатында Куарон фильм кең аудиторияны қамтитына сенімді.

"Мен Ержановпен Финляндиядағы "Түн ортасындағы күн" кинофестивалінде кездесіп, оған "Кадет" фильмі керемет шығарма екенін айттым. Оны Гильермо Дель Торо және Павел Павликовский сынды басқа режиссерлермен де бөлістім. Олардың барлығы да бұл фильмді көріп, қатты қуанды. Бұл - қорқынышты оқиға арқылы жалпыға ортақ мәселені жеткізе білген автордың пісіп-жетілген ойын танытушы сирек кездесетін жағдайлардың бірі. Сонымен қатар бұл өз елі, оның патриархальды жүйесі туралы сынды білдіртпей, мақтамен бауыздағандай етіп жеткізетін өте нақты фильм", – дейді Куарон.

Куарон көрермендерге Гарри Поттердің "Гарри Поттер және Азкабан тұтқыны" (2004) сериялы кітабының үшінші бөлігін фильмге айналдыру, сондай-ақ Филлис Дороти Джеймстің "Адам баласы" (2006) фантастикалық романының негізінде түсірілген фильмі сияқты жұмыстармен таныс. 2013 жылы режиссердің Голливудтағы жаңа ірі жобасы Сандра Буллок пен Джордж Клуни түскен "Гравитация" ғарыштық эпопеясы болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары