10.11.2024, 23:30

«Шілде айынан бері жоқ»: Қуандық Бишімбаев түрмеде емес пе? (ВИДЕО)

Фото: Жоғарғы сот

Қылмыстық тергеу комитеті қазақстандықтарды жалған ақпарат таратпауға және тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырды.

AIRAN басылымының журналистері YouTube каналында Қуандық Бишімбаев туралы тың мәлімет жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

AIRАN журналистері Қуандық Бишімбаевтың Аршалы ауылындағы колонияда жоқ екенін айтты. Тілшіге колониядағылар Бишімбаевтың Аршалыда жоқ екенін, ол шілде айынан бастап қылмыстық-атқару жүйесі комитеті сотталушының қайда екендігі туралы ақпаратты жарияламағанын және оны құпия ұстайтынын айтты. Экс-министрдің шілде айынан бері қайда екені белгісіз.

Ал Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті әлеуметтік желіде пайда болған сотталған бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевты колониядан табу мүмкін болмады деген ақпаратқа түсініктеме берді.

“Әлеуметтік желіде сотталып жазасын өтеп жатқан Қуандық Бишімбаевтың түрмеден қашып кетті деген ақпарат тарауда. Бірақ бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Ол жазасын қатаң режимдегі мекемеде өтеп жатыр”, - делінген хабарламада.

Қылмыстық тергеу комитеті қазақстандықтарды жалған ақпарат таратпауға және тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырды.

Еске салсақ, әйелі Салтанат Нүкенованы жауыздықпен өлтірген экс-министр 24 жылға бас бостандығынан айырылған.