$ 494.87  520.65  4.91

Қызылордада сексуалды құлдықта болған оқушының ісі бойынша алғашқы сот үкімі шықты

Сотта қылмыстық процестің тек бір эпизодына қатысты іс қаралған.

Фото: Новинки Live
Фото: Новинки Live

Қызылордада сексуалды құлдыққа ұшыраған оқушы қызға қатысты бопсалау дерегі бойынша қылмыстық іс жабық есік жағдайында қаралды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Соттың мәліметінше, сотта қылмыстық процестің тек бір эпизодына қатысты іс қаралған.

Ресми мәлімет бойынша, сотталушы Т, кәмелетке толмаған жәбірленушіні ар-намысына тиетін ақпарат таратамын деп қорқытып, одан 700 мың теңге талап еткен, сондай-ақ сөмкесіндегі 35 мың теңге ақшасын алып кеткен.

Қызылорда облыстық сотының мәліметінше, сотталушының кінәсі психологиялық-психиатриялық сараптаманың қорытындысымен, оқиға болған жерді қараумен, беттестіру хаттамаларымен және жәбірленушінің айғақтарымен дәлелденген.

"Сот үкімімен Т "бопсалау" бабы бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Бұл бап бойынша үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған", – делінген сот хабарламасында. 

Сотталушының бұған дейін соттылығының болмауы және жігіттің жасы (21 жас) жеңілдететін жағдайлар болып танылған.

Ресми мәлімет бойынша, сот сотталушыны 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 2
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары