Балалық шағымды Судан мен Сауд Арабиясында өткіздім.
Өскеменде Қасым Қайсенов атындағы әскери бөлімде араб жігіті Абдалла Салих Сами Эль-Том әскери борышын өтеп жүр. Желіде оның әскерде қызмет етіп жүргені түсірілген видео тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Абдалла Салих Сами Эль-Томның видеосы Instagram-дағы "Шығыс ақпарат" парақшасында жарияланды. Видеода ол Өскемендегі Қасым Қайсенов атындағы №27943 әскери бөлімінде қызмет етіп жүргенін айтады.
"Мен – Қазақстан азаматымын. Балалық шағымды Судан мен Сауд Арабиясында өткіздім. 2-сыныпқа дейін сонда тұрып, кейін Қазақстанға көшіп келдім. Содан бері Қазақстанда тұрып келем", - дейді ол видеода.
Желі қолданушыларын кейіпкердің қазақ тілінде еркін әрі сауатты сөйлегені тәнті етті.
"Не деген сауатты жігіт", "Қазақша таза сөйлегенің үшін рақмет, үлгі болар жігіт", "Қазақ тілінде емін-еркін сөйлеп тұр", "Қазақша сөйлеп тұрғанына риза болып тұрмын", "Түрі — араб, жүрегі —қазақ, қазақшасы сондай әдемі екен", - деп жазды желі қолданушылары.