Қаладағы дәмхананың маңында төбелес болған.
Алматының Алатау ауданында 12 қарашаға қараған түні төбелес болып, полиция қызметкерін пышақтап кеткен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Қалалық полиция департаменті күдіктінің ұсталғанын мәлімдеді.
Telegram-арналардың бірінде жарияланған ақпаратқа сәйкес, қаладағы дәмхананың маңында төбелес болған. Жанжал кезінде пышақ жарақатын алған полиция капитаны ол кезде қызметте болмаған.
Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, бұл факті бойынша Алатау аудандық полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады.
“Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстың мән-жайы анықталып жатыр”, – делінген хабарламада.