12.11.2024, 16:00

«Мені оңбаған етіп көрсеткісі келеді»: Бишімбаев тағы да сот алдында жауап берді

Фото: Жоғарғы сот

Бұл жолы да сот Бишімбаевты әкелік құқығынан айырған жоқ.

Елордалық сотта Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін сотталған Қуандық Бишімбаевты ата-ана құқығынан айыру туралы іс апелляциялық тәртіппен қаралды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Экс-министрдің бұрынғы әйелі Назым Қаһарман Instagram парақшасында сотта өзінің суретін жариялады.

Экс-министр сот отырысына онлайн қатысты.

«Осы уақытқа дейін алимент уақытылы төлеп келді. Талапкер Назым Қаһарманның айтып отырғаны шындыққа жанаспайды. Ол әлеуметтік желіде пиар жасап, сотқа қысым жасауға тырысуда. Мені балаларына алимент төлемей жүрген оңбаған етіп көрсеткісі келеді. Балаларымның оқуының ақысын менің өтінішім бойынша менің әке-шешем төлеп отыр. Қажет болса барлық құжатты ұсынамын. Егер балаларым қоғамдық өмірде өздерін жайлы сезіну үшін фамилиясын ауыстыру керек болса, қарсы емеспін», - деді ол.