12.11.2024, 19:20

Ақтөбе облысындағы тікұшақ апатынан тірі қалғандардың жағдайы белгілі болды

Фото: Pixabay

Науқастар палатаға ауыстырылды.

Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы Ми-8 тікұшағы апатынан аман қалғандардың жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Апат салдарынан екі адам жарақат алып, бір адам қаза тапқан еді. Екі адамның жағдайы әзірге тұрақты.

"Науқастар палатаға ауыстырылды. Жарақатына байланысты жағдайы орташа ауыр деп бағаланды. Олар консервативті ем қабылдап жатыр", – деп хабарлады ведомстводан.