Күдікті ұсталып, қамауға алынды.
Көкшетауда қаладағы мекемелердің бірінде үйлену тойын тойлап жатқан 22 жастағы жігіт көз жұмды. Полиция тергеуді бастады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Қайтыс болған 22 жастағы жігіттің туыстары қайғылы жағдайдың мән-жайын айтты. Олар кінәлілерді жазалауды сұрайды.
"Небәрі 22 жаста болған жас жігіт неке қию күні қайтыс болды. Туыстары кінәлілер жазадан құтылып кете ме деп қорқады. Сондықтан кезінде Ішкі істер министрі басшысы болған Ақмола облысының әкімі бұл істі өз бақылауына алғанын қалайды", - делінген хабарламада.
Ақмола облысының полиция департаменті өкілі 12 қарашада Көкшетаудағы ойын-сауық орындарының бірінде Красный Яр ауылының 22 жастағы тұрғыны өлтірілгенін растады. Бұл факт бойынша полицейлер Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Сонымен қатар жанжалға қатысқан тағы 6 адам анықталып, ұсталған. Оларға қатысты Қылмыстық кодекстің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
"Біз бұл фактілер бойынша мұқият және объективті тергеу жүргізілетініне кепілдік береміз. Тергеу барысы басшылықтың назарында", - деді өңірлік полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Бақтияр Өтекин.