Ұлттық банктің 13 қарашаға арналған ресми бағамы — 1 долларға 494,95 теңге.
Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 494 – 499 теңге аралығында саудаланып жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ұлттық банктің 13 қарашаға арналған ресми бағамы — 1 долларға 494,95 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,05 теңге. Еуро — 525,49.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 496,10 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 498,10 теңге. Еуро 525,5 — 529,5 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 494 теңге, сатып алу құны — 499 теңге. Еуро 527 теңгеден сатылып, 533 теңгеден сатып алынады.