Оқырмандары әншінің жазбасына жұбату сөздерін жазды.
Танымал әнші Мақпал Жүнісова марқұм күйеуін еске алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Мақпал Жүнісова марқұм күйеуі Заманбек Нұрқаділовты еске алып, бейне жариялады.
«12 қараша – мен үшін қара күн», – деп жазды әнші.
2005 жылы 12 қарашада белгілі саясаткер Заманбек Нұрқаділов өмірден өткен болатын.
Айта кетейік, 2005 жылы жұмбақ жағдайда көз жұмған саясаткер, қоғам қайраткері Нұрқаділов қазақтың жүрегінен өшпестей орын алып, арда азамат болып мәңгілік есте қалды.