Жанар-жағармай материалдарын тек герметикалық ыдыстарда тасымалдаңыз.
Қарағанды облысында автокөлік өртеніп кетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Балқаш қаласында тұрғын үйдің жанында орналасқан жеңіл автокөлік өртке оранды. От толығымен 3 ш.м. алаңда сөндірілді, зардап шеккендер жоқ.
ТЖМ еске салады:
техникалық байқаудан уақытында өткізіңіз; электрониканы тек мамандандырылған орталықтарда орнатыңыз; әрқашан жарамды өрт сөндіргішті көлік салонында ұстаңыз; қозғалтқыштың отын аппаратурасының жарамдылығын бақылаңыз; көлікте бөгде, тез тұтанатын заттарды ұстамаңыз; жанар-жағармай материалдарын тек герметикалық ыдыстарда тасымалдаңыз.