$ 493.85  519.04  4.97

«Садақаға байып үйренген сақалды арабқұлдар»: Халық «Асар-Уме» қорына жаппай қарсы шықты

Бұған дейін қор басшысы пікір білдіріп, халықтан жиналған ақшаның қайда кеткенін көрсеткен еді. Алайда, көпшілік ол сандарға сенбей отыр. Олар желіде сыни пікірлерін жарыса жазып жатыр.

Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

Әлеуметтік желілерде халық «Асар-Уме» қорына жаппай қарсы шығып, жағымсыз пікір жазуда, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Асар-Уме" қорының былығын әшкереленген соң, көпшілік оған жаппай қарсы шығып, қорларды тексеру қажеттігін талап етуде.

Естеріңізде болса, блогер Еркежан Шайх қорға қатысты түрлі мәліметтерді жариялаған соң, желіде көптеген ақпарат тарап кеткен болатын.

Аталған дәлелдерден соң, қор басшысы пікір білдіріп, халықтан жиналған ақшаның қайда кеткенін көрсеткен еді. Алайда, көпшілік ол сандарға сенбей отыр. Олар желіде сыни пікірлерін жарыса жазып жатыр.

«Әбден садақаға байып үйреніп қалған сақалды арабқұлдар», «Жалпы, қор деген қате-ау, айналаңызда толып тұр ғой мұқтаж адам. Садақаның ең жақсысы – ағайын-туысыңа бергенің» деп жазды желі қолданушылары.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары