$ 493.85  519.04  4.97

«Жын мен тозақты айтып, үйінде қамап ұстаған»: Ақтөбе облысында имам әйелін ұрып, ауру қылған ба? (ВИДЕО)

"Күйеуі мектеп кезіндегі достарымен сөйлесуге де тыйым салды. Әйелдердің бәрі харам деп, олармен де араластырмады. Жын мен тозақ туралы уағыз айтып, айтқанымды орындамасаң, разылығымды алмайсың деп ұрып-соққан. Осылайша әпкемнің ауруы асқынып кеткен", – дейді жәбірленуші әйелдің сіңлісі.

Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

Желіде Ақтөбе облысы Қандыағаш қаласында бұрынғы имам, теолог төрт баласының анасына зорлық-зомбылық көрсеткені туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жәбірленушінің сіңлісінің айтуынша, теолог жездесі әпкесіне дінмен манипуляция жасап, туыстарымен араластырмай, үйінде қамап ұстаған,  деп жазады Stan.kz.

"Күйеуі мектеп кезіндегі достарымен сөйлесуге де тыйым салды. Сүйікті ісімен айналыстырмады. Әйелдердің бәрі харам деп, олармен де араластырмады. Сондай-ақ бірыңғай жын мен тозақ туралы уағыз айтып, айтқанымды орындамасаң, разылығымды алмайсың деп ұрып-соққан. Әпкемнің түк жазығы жоқ. Өте жуас болды. Дінді жақсы ұстанып, күйеуінің разылығын аламын деп, айтқанын екі етпеді. Соңында бағынышты болып, өзі ауру болып қалды. Ауруға шалдыққанын білсе де, күйеуі медицина қызметіне жүгінбей, дін қызметкерлерін шақырып өз беттерінше емдемек болған. Осылайша әпкемнің ауруы асқынып кеткен", – дейді сіңлісі.

Сондай-ақ ол қазір әпкесінің өзімен бірге тұрып жатқанын айтты.

"Қазір әпкем төрт баласымен жанымда. Ал теолог күйеуі өз жұмысын жалғастырып жатыр. Әпкем ауруға шалдыққан соң күйеуі тастап кетті", – дейді ол.

Ақтөбе облысы полиция департаменті бұл жағдайға байланысты мәлімдеме жасады.  

"Полиция аталған факті бойынша тексеру жүргізіп жатыр. Қазір ерлі-зайыпты арасында ажырасу процесі жүріп жатқанын қосымша хабарлаймыз. Кейінгі екі жылда зайыбынан күйеуінің тарапынан зорлық-зомбылық туралы арыз түскен жоқ", – делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары