$ 494.87  520.65  4.91

«Әділетсіз әрі қызықсыз өтті»: Биылғы «Қазақ аруы» байқауының жеңімпазы анықталды

Қазылар алқасы жиналып, ең лайықты адамды таңдағаны дұрыс еді” деп жазды желідегілер.

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

13 қарашада Алматыда “Қазақ аруы” байқауы өтті. Жеңімпазды халық дауыс беру арқылы таңдаған. Алайда желі қолданушылары арасынан байқау әділетсіз өтті деп санағандар табылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Баян Алагөзованың ұйымдастыруымен өтетін “Қазақ аруы” байқауының нәтижесі анықталды. 

Қызылорда облысының тумасы 17 жастағы Ақкербез Ысқаққызы – “Қазақ аруы-2024” атанды. Оған тәж және арнайы шапан тағылды.

Екінші орынды Алматы қаласының тумасы Назерке Мырзағалиева иеленсе, ал үшінші орын алматылық Ақерке Серікжанға бұйырды. 

Биыл байқаудың ерекшелігі – жеңімпазды халық таңдағаны. Себебі бұған дейін кім Қазақ аруы атанатынын қазылар алқасы анықтаған.

Алайда желі қолданушылары байқаудың ұйымдастыру деңгейіне наразы. Сөздерінше, Telegram бот істемей, дауыс берілмей қалған. Сол себепті желі қолданушыларының көп бөлігі жеңімпаз әділ анықталмады деп санайды. 

“Халықты алдап не керегі бар еді ! Одан гөрі жюридің шешімімен болғаны дұрыс еді. Адамдардың сезімдерімен ойнағандай соншама жұрт дауыс бере алмай дал болды”, “Ақкербез жеңсе жеңсін, бірақ неге сол қызға ғана дауыс қабылданып, қалған қатысушыларға дауыс қабылданбады?”, “Көреалмаушылық емес. Бірақ биыл ең әділетсіз және қызықсыз өткен “Қазақ аруы” болды. Қазылар алқасы жиналып, ең лайықты адамды таңдағаны дұрыс еді” деп жазды желідегілер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 20
Ұнамайды 27
Күлкілі 10
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары