$ 493.85  519.04  4.97

Дәстүрлі бала тәрбиесінде әдебиеттің алар орны ерекше

Ол үшін ең алдымен баланың жасы, білімі, дағдысы, ойындары, психологиясы мұқият ескеріледі.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Балалар әдебиетін дамыту мен оқытудың маңыздылығы зор. Өйткені бүгінгі жас өскін - ертеңгі ел болашағы. Сол үшін балалардың қандай шығармалармен сусындап жүргеніне аса мән беру керек, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Балалар әдебиеті – дәстүрлі бала тәрбиесінен туған кең ауқымды, мазмұны ғибратты, тілі көркем, есте сақтауға жеңіл шығармалар.

Мектеп жасына дейінгі және бастауыш, орта, жоғары сынып оқушылары үшін қолайлы әдебиеттің ерекшеліктерін анықтау балалар әдебиетін оқытудағы ең маңызды және негізгі міндет болғандықтан, оны әрбір тарихи дәуірге, әдеби кезеңге байланысты талдауға ұмтылады. Ол үшін ең алдымен баланың жасы, білімі, дағдысы, ойындары, психологиясы мұқият ескеріледі. Балалар әдебиеті қазақ әдебиетінің дамып келе жатқан саласы болғандықтан, оның дәуірлер мен әдеби кезеңдерге бөліну кезеңдерін басшылыққа алады.

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін балалар әдебиеті өте жылдам дамыды.Қазіргі уақытта авторлар балалардың талғамына сай туындылар жазуға зор үлес қосып жатыр. Қазіргі балалар әртүрлі жанрдағы шығармаларды, оның ішінде ертегі, фантастика және ғылыми фантастика жанрларын оқуға мүмкіндік алып отыр. Еліміздегі балалар әдебиеті 2021 жылы «Балалар әдебиеті жылы» және 2022 жылы «Балалар жылы» болып жарияланғаннан кейін, жаңа бағыттар мен жанрларда даму үдерісін бастан кешірді. Мұндай мемлекеттік қолдау авторларға балаларға арналған көптеген кітаптарды басып шығарып, таратуға мүмкіндік берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары