14.11.2024, 13:00

«Хайуанаттар бағы емес»: Сенатор Бишімбаевтың колониядағы фотосы неге жарияланбайтынын айтты

Фото: Жоғарғы сот

Жазасын өтеп жүрген азаматтың да өз құқығы болады.

Сенатор Марат Қожаев бұрынғы министр Қуандық Бишімбаевтың Степногорск қаласындағы колонияда жазасын өтеп жүргенін растайтын сурет неге жоқ деген мәселеге пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оның айтуынша, бұл азаматтардың құқығын қорғаумен байланысты. 

«Жазасын өтеп жүрген азаматтың да өз азаматтық құқығы бар. Егер ол өзін көрсеткенін қаламайтын болса, ешкім оны мәжбүрлей алмайды. Қатты айтсам айып етпеңіздер, бірақ бұл хауанаттар бағы емес қой. Ресми тұлғаларға сену керек. Ол (ред. – Қуандық Бишімбаев) Степногорск қаласындағы қауіпсіздігі жоғары колонияда жазасын өтеп жатыр», - деді депутат Марат Қожаев Сенат кулуарында.