Біздің сарбаздардың әнін тыңдасаң, шетелдің әскері кіріп келгендей әсер қалдырады екен.
Депутат Мұрат Әбенов желідегі парақшасында бір топ қазақ әскерінің орысша әндеткен видеосын жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
"Біздің сарбаздардың әнін тыңдасаң, шетелдің әскері кіріп келгендей әсер қалдырады екен", - деп жазды ол.
Сарбаздардың бұлай сайрауы желі қолданушыларына да ұнамай қалған секілді.
"Масқара, сөз жоқ. Ұлттық идеология нөл боп тұр ғой", "Сұмдық", "Қиын", - деп желі қолданушылары жаппай пікір қалдырды.
Бұдан бөлек, орысша ән айтуға болмайды деген заң бар ма, деп әскердегі бұл әрекетті ақтағандар да табылды.