14.11.2024, 15:20

Алматы облысында колония басшысының орынбасары ұсталды

Фото: istockphoto.com

Қылмыстық іс аясында оқиғаның барлық мән-жайды анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Алматыда Алматы облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты №14 мекеме басшысының орынбасары ұсталды, деп Skifnews.kz ақпарат порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

«2024 жылғы 13 қарашада Алматы облысы прокуратурасының Алматы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы Алматы облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі басқармасының №14 мекемесі басшысының орынбасарын бірнеше рет пара алды деген күдікпен ұстады», — делінген облыстық прокуратураның баспасөз хабарламасында.

Қылмыстық іс аясында оқиғаның барлық мән-жайды анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

«ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді» — деп хабарлады баспасөз қызметі.