Төрт әйел алатын еркектердің табысы көп болады.
Желіде ер азаматтардың көп әйел алуын қолдаймын деген бойжеткен көпшіліктің наразылығын тудырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Оның пайымдауынша, төрт әйел алғысы келетін жігіттердің олардың асырай алатындай дүние-мүлкі көп болады.
«Төрт әйел аламын дейтін еркектің иманы бар. Олардікі – дұрыс! Өйткені, ислам діні бойынша төрт әйел алатын ер азаматтардың жауапкершілігі мол болады. Төрт әйел алатын еркектердің табысы көп болады. Ондай азаматтардың төрт әйел алғанын қолдаймын. Ал бірақ үйде жатып, ешқандай тірлік істемей, «үш әйел аламын, төрт әйел аламын» дейтін айтқаны бос әңгіме», – дейді видеодағы қыз.