Осы жерде отырған театр директорларына соңғы мүмкіндік беремін.
Ұлы композитор Шәмші Қалдыаяқовтың келіні театр директорларын сотқа беретінін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы Ботагөз Қалдаяқова Мәжілістегі «Креативті индустрияны дамыту» тақырыбында өткен отырыс кезінде мәлімдеді.
«Еліміздің театрларында жиырма жылдан аса уақыт бойы «Сыған серенадасы» пьесасы қойылып жатыр, мұрагерлердің рұқсатынсыз. Мұрагерлер ол оқиға жайлы бірнеше рет айтылған, нақты айтқанда, Шәмші Қалдаяқовтың сығандардан таяқ жегені шындыққа жанаспайтынын айтты. Осы жерде отырған театр директорларына соңғы мүмкіндік беремін. Екі аптадан кейін оларды сотқа береміз», – деді композитордың келіні.
Оның айтуынша, Шәмші Қалдаяқовтың мұрагерлері туындының желісін шындыққа сәйкес келмейді деп сынап, бірнеше рет наразылық білдірген. Пьесадағы композитордың сығандардан таяқ жегені туралы эпизодтың ойдан шығарылғаны және марқұм сазгердің беделіне нұқсан келтіретіні айтылған.