15.11.2024, 15:40

Жемқорлардан алынған ақшаға тағы 18 мектеп салынды

Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Президент бастамашылық еткен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 2025 жылдың соңына дейін 217 жаңа мектеп пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.

Қазақстанда оқу жылы басталғалы бері 150 мың оқушыға арналған 100-ден аса жаңа мектеп пайдалануға берілді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметіне сүйенсек, жаңа ашылған мектептің нақты саны – 106.

«Оның 33-і жайлы мектеп. Онда 90 мыңға жуық оқушы оқи алады. Олар бастауыш және жоғарғы сыныптарға арналған жеке блоктармен, заманауи техникалық қауіпсіздік құралдарымен, ерекше білім беру қажеті бар балаларға арналған кедергісіз ортамен, бірнеше спорт залмен, заманауи пәндік кабинеттермен жабдықталған», - деп жазылған хабарламада.

Президент бастамашылық еткен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 2025 жылдың соңына дейін 217 жаңа мектеп пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.

Сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтан түскен қаражат есебінен білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының желісі бойынша тағы 18 мектеп ашылды.

Қалған 55 мектеп республикалық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен, сондай-ақ инвестиция тарту есебінен ашылады.