15.11.2024, 16:00

Қуандық Бишімбаевтің қай түрмеде отырғаны белгілі болды

Фото: Жоғарғы сот

Жуырда Бишімбаев отыруы мүмкін деген түзету колониясында оның жоқ екендігі айтылып, қоғамда фейк ақпарат тараған.

Адвокат Жанна Оразбақова инстаграм парақшасында түзету мекемесін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Мұндай қадамға YouTube арналардың бірінде жарияланған материал себеп болуы мүмкін. Себебі, таяуда ғана арнада Бишімбаев отыруы мүмкін деген түзету колониясында оның жоқ екендігі айтылып, қоғамда фейк ақпарат тараған. Ал ҚАЖК ел тұрғындарын ресми ақпарат көзіне сүйенуге шақырып, жалған ақпарат таратпауын сұрады.

Бұған дейін ҚАЖК баспасөз қызметі Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін сотталған Қуандық Бишімбаевтың қауіпсіздігі ең жоғары мекемеде отырғанын хабарлаған болатын.

Қоғамда көп талқыланған қылмысқа себепші болған экс-министрдің қайда жазасын өтеп жатқанын адвокат Жанна Оразбақова ҚАЖК мекемесіне хат жолдау арқылы білген.

Нүкенова тарапының мүддесін қорғаған адвокат инстаграм парақшасында Бишімбаевтың Ақмола облысы Степногорск қаласындағы ҚАЖД №5 мекемеде (түзету мекемесінің 7 өнеркәсіп аймағы, 14 А ғимарат) отырғанын айтты.