Ауырмаңыздар!
Мәжіліс депутаты әрі танымал блогер Дәулет Мұқаев аяқ астынан ауруханаға түсіп қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ауруханаға түсіп, ота жасалатыны жайлы Дәулет Мұқаевтың өзі желідегі парақшасында жазды.
«Лайфхак. Әзіл шыны аралас рилс. Мен тірімін. Ертең жақсылап пост саламын. Ауырмаңыздар! Аман болайық», — деп жазды ол.
Көпшілік депутатқа тездетіп сауығып кетуін тілеп, ақ тілегін жаудырды.