16.11.2024, 08:30

Алдағы күндері еліміздің бірқатар аймағында күн жылынады

Фото: Pixabay.com

Сынап бағаны +15°C дейін көтеріледі.

"Қазгидромет" РМК мамандары алдағы үш тәулікте, 2024 жылғы 16-18 қараша аралығында Астана, Алматы және Шымкент қалаларында ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Болжамға сәйкес, күн райы жауын-шашынсыз және сынап бағаны +15°C дейін көтеріледі, бірақ тұман болады деп күтіледі.

Астанада:

16 қараша - аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 5-10 м/с құрайды. Ауа температурасы түнде: -8...-10°С, күндіз: -2...-4°С.

17 қараша - аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 9-14 м/с құрайды. Ауа температурасы түнде: -6...-8°С, күндіз: -2...-4°С.

18 қараша - аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 9-14 м/с құрайды. Ауа температурасы түнде: -3...-5°С, күндіз: 0...-2°С.

Алматыда:

16 қараша - аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз, түнде және таңертең тұман болады. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде: -3...-5°С, күндіз: +5...+7°С.

17 қараша - аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз, түнде және таңертең тұман болады. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде: 0...-2°С, күндіз: +7...+9°С.

18 қараша - аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Оңтүстіктен соққан желдің екпіні - 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде: 0...+ 2°С, күндіз: +8...+10°С.

Шымкентте:

16 қараша - аспан бұлтты, жауын-шашынсыз, түнде және таңертең тұман болады. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: -1...-3°С, күндіз: +11...+13°С.

17 қараша - аспан бұлтты, жауын-шашынсыз, түнде және таңертең тұман болады. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: 0...+2°С, күндіз: +13...+15°С.

18 қараша - аспан бұлтты, күндіз жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде: +3...+5°С, күндіз: +14...+16°С.